arasha.kz

Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар жеткізеді

Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар жеткізбек. Бұл туралы TUSAŞ компаниясының бас директоры Темель Котиль хабарлаған.

«Түрік аэроғарыш компаниясы –   Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ (TUSAŞ) бірнеше айдың ішінде  Anka ұшқышсыз аппараттарын Қазақстанға жеткізеді», –  Темель Котиль.

Қаңтар оқиғасынан кейін жаңа қорғаныс министрін тағайындаған кезде президент Тоқаев қару-жарақтың ескіргенін айтқан еді.

«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деген еді президент.

Президенттің «Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс» деген тапсырмасына сәйкес Түркиядан жаңа заманауи ұшқышсыз аппараттар сатып алынуы мүмкін. Бірақ қорғаныс министрлігінде Түркиядан ұшқышсыз аппараттар алынатыны жайлы ресми сөз әлі айтылған жоқ.

 

Exit mobile version