Біз
әлеуметтік
желіде
28-05-25 |
440 рет қаралған
Украина АҚШ-қа Ресеймен бейбіт келісім шарттарын ұсынды.
Украина АҚШ-қа Ресеймен бейбіт келісім шарттарын ұсынды

АҚШ Киевтен Ресеймен бейбіт келісімге келу шарттарының тізімін алды және қазір Мәскеудің жауабын күтуде. Келесі келіссөздер раунды Цюрихте өтуі мүмкін.

Украина АҚШ-қа Ресеймен қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бойынша шарттары жазылған құжат жолдады. Бұл туралы Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасында хабарлады.

Оның айтуынша, Вашингтон енді дәл осындай тізімді Ресейден күтуде.

— Президент Трамп бір апта бұрын президент Путинмен сөйлесті. Ресейліктер «меморандум» деп аталатын, мен шарттар тізімі деп атайтын құжатты ұсынбақшы екенін айтты. Біз оны Украина тарапынан алдық. Енді оны Ресей тарапынан алуымыз қажет, — деді Келлог.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.