АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс Украинадағы қақтығысты реттеуге байланысты келіссөздерге пікір білдірді.
Вэнстің айтуынша, Ресей ақылға қонымсыз талаптар қойып отыр – оның ішінде әлі басып алмаған аумақтар да бар, себебі өзін соғыс даласында жеңіске жетіп жатыр деп есептейді.
«Біз Ресейдің тым көп нәрсе сұрайтынын білдік, себебі олар соғысты жеңіп жатырмыз деген сеніммен әрекет етеді. Украиндер оқ атуды тоқтатуды қалайтыны рас, ішінара соңғы айларда жағдай олардың пайдасына болмағандықтан. Біздің ұстанымымыз – біз Украинаның бөлшектенуін қаламаймыз. Біз Украина егемен ел ретінде қалуын ашық түрде қалаймыз. Бірақ Ресей әлі басып алмаған аумақты өзіне беріледі деп үміттенбеуі керек. Олар бұл талапты өздерінің бастапқы бейбіт ұсынысына қосып отыр», – деді Вэнс.
Вице-президенттің сөзінше, АҚШ әкімшілігі Ресей алғашқы ұсынысында тым көп талап қоятынын алдын ала білген.