
Украина Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдау нысанына жасалған шабуылды ресми түрде растады.
«Кеше Украина Қорғаныс күштері Ресей Федерациясының әскери және отын-энергетикалық инфрақұрылымындағы стратегиялық нысандарға дәл соққы жасады. Бұл сәтті операцияның нәтижесінде Ресейдің Краснодар өлкесінде орналасқан Ильский мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) зақымданды. Нысанда ауқымды өрт тіркелді. Сонымен қатар, басқыншылар үшін жанармай тасымалдауда маңызды рөл атқарған «Кропоткинская» және «Андриаполь» мұнай айдау станциялары да соққыға ұшырады. Шабуылдан кейін олар істен шықты, бұл агрессордың отын жеткізу логистикасын едәуір қиындатты», – деп мәлімдеді Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы сейсенбі күні.
Украина әскери күштері «Ресейдің қарулы агрессиясын қолдайтын стратегиялық нысандарға соққы жасау құқығын өздерінде қалдыратынын» айтты.
«Ресейдің заңсыз соғысын қаржыландыратын энергетикалық инфрақұрылымды жою операциялары жалғасады», – деп қосты Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025