arasha.kz

Украина-Ресей қақтығысы: Қазақстанның қандай ұстанымда болатыны әлі нақты емес

Украина мен Ресей арасындағы қақтығысқа қатысты сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үн қатты.

«Қазақстан халықаралық қауымдастықты Украина мәселесін шешуде дипломатиялық әдіске жүгінуге шақырады. Қазақстанның ДХР және ЛХР республкаларын мойындау мәселесі тұрған жоқ. Ұстаным қабылдау үшін қауіпсіздік кеңесінің отырысы күтілуде», – деді ол.

Бұған дейін Ресей президент Владимир Путин Украина шығысындағы Луганск және Донецк облыстарына Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрық берді. Бұл жөнінде дүйсенбі күні «Луганск халық республикасы» және «Донецк халық республикасының» тәуелсіздігін мойындау туралы жарлықта жазылған. 

 

Exit mobile version