05-12-19 |
1380 рет қаралған
Украина СІМ Тоқаевтың Қырым туралы сөзіне демарш жасайтынын айтты.
Украина СІМ Тоқаевтың Қырым туралы сөзіне демарш жасайтынын айтты

Украинаның Сыртқы Істер Министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың неміс басылымына берген сұхбатындағы Қырым түбегі туралы пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.

Аталған министрліктің мәлімдемесінде олар Қазақстан президенті Қырымды Ресей аннексиялық жолмен қосып алды деп атағысы келмейтініне алаңдаушылық білдіретінін жазыпты.

Украина СІМ-і Қазақстанға сәйкесінше демарш жасайтынын айтып отыр.

«Украина СІМ-і Тоқаевтың сөзіне алаңдаушылық танытып отыр, себебі президенттің сөзі украин-қазақ қарымқатынасының принциптеріне және БҰҰ бас ассамблеясы резалюциясында 2014 жылы 27 наурызында №A/RES/68/262 тіркелген халықаралық мойындалған позицияға қарама қайшы», деп жазады Украина министрлігі.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle-гі “Немцова. Интервью” бағдарламасына сұхбат беріп, журналист Жанна Немцовамен әңгіме барысында Тоқаев: -«Қырымда болған жағдайды біз аннексия деп атамаймыз. Болған іс болды деп есептейміз. Қырымға қатысты анексия тым ауыр сөз», -деген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.