04-03-24 |
7500 рет қаралған
Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне Ресей іздеу жариялады.
Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне Ресей іздеу жариялады

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге халықаралық іздеу жарияланды.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282-бабы (өшпенділік немесе араздықты қоздыру, сондай-ақ адамдық қадiр-қасиетiн қорлау) украиндық дипломатты федералдық, содан кейiн халықаралық іздеуге беру туралы қаулы шығарды.

Ол сырттай қамауға алынды. Петр Врублевский туралы ақпарат Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің іздеу деректер базасында да бар. Сот пен ресейлік құқық қорғау органдары бұрынғы елшіге қатысты қозғалған қылмыстық істің егжей-тегжейі айтылмаған.

Еске салайық, 2022 жылы Петр Врублевский орыс этносының өкілдерін өліммен қорқытқан болатын. Бұдан кейін Қазақстан халқы ассамблеясы украин елшісінің ресейліктерге қарсы қоқан-лоққысын айыптады, дипломат ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, кейіннен белгілі болғандай, ол мәлімдемесі үшін кешірім сұрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.