Ұлттық құрылтайды құру және оның ережелері туралы президент жарлығы шықты.
Ережеде құрылтай төрағасы президент Тоқаев болатыны жазылған.
«Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайдың Төрағасы (бұдан әрі – Төраға) болып табылады» делінген.
Ал төрағаның екі орынбасарының бірі – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин болмақ.
Сондай-ақ ережеде құрылтайдың негізгі міндеті:
«қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады» деп көрсетілген.
Ал құрылтай мүшелері «Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады» делініп отыр.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024