23-04-24 |
11140 рет қаралған
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келе жатыр.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келе жатыр

2024 жылғы 24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді. Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.