Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) биылғы алғашқы отырысында төрағалық Қазақстаннан Қырғызстанға берілді.
ҰҚШҰ Бас хатшысы 2024 жылы атқарылған жұмыс үшін Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықовқа алғыс білдіріп, ұйым жанындағы Қырғыз Республикасының тұрақты және өкілетті өкілі Мирлан Тұрғұнбековқа төрағалық істерін тапсырды.