Украина президенті Путин болған оқиға үшін жауапкершілікті «басқа біреуге» аударуға тырысып жатқанын айтты.
«Кеше Мәскеуде болған оқиға бойынша Путин мен өзге де нақурыстар кінәні басқаларға аударуға тырысады. Олардың әдістері әрдайым бірдей. Бұрын мұндай болған. Үйлер жарылып, өлім жазасына кесілді, жарылыстар болды. Және олар әрқашан басқаларды кінәлайды», – деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Ресей президенті бір күн бойы лаңкестік әрекетке қатысты пікір білдірмегенін атап өтті. Украина президентінің айтуынша, Путин осы уақыт бойы «бұны Украинаға қалай жабу керектігін ойлаған».
«Қазір Украина жерінде қырылып жатқан жүздеген мың ресейліктер кез келген лаңкестерді тоқтатуға жеткілікті болар еді. Ал егер ресейліктер Крокустарда үнсіз өлуге дайын болса және олардың барлау қызметіне ешқандай сұрақ қоймаса, Путин мұндай жағдайды бірнеше рет өзінің жеке билігінің пайдасына қайтаруға тырысады», – деді Украина президенті.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024