04-04-22 |
820 рет қаралған
Зеленский: Ресей әскерінің Бучада істегені Украина халқына жасалған геноцид.
Зеленский: Ресей әскерінің Бучада істегені Украина халқына жасалған геноцид

Украина президенті Зеленский Буча қаласындағы Ресей әскерінің жасаған әрекетін геноцид деп атады.

«Бұл әскери қылмыс. Мұны әлем геноцид деп мойындайды. Біз мыңдаған адамды өлтіргенін, оларды қинағанын, бөлшектеп тастағанын білеміз. Зорланған әйелдер, кісі қолынан өлген балалар. Геноцид дегеніміз – осы» деді Зеленский Буча қаласына барған сапары кезінде журналистермен кездесуде.

Сондай-ақ ол Украинаға бейбітшілік қажет болғандықтан Ресеймен келіссөз жалғаса беретінін де айтты.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, Буча және басқа қалалардағы Ресей әскерінің қылмысы сейсенбі күні БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде қаралады.

Зеленский Украина халқына қарсы жасалған қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға арналған арнайы механизм жасауды тапсырды.

Буча қырғынына әлемге тараған соң, АҚШ және еуропа елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейткелі отыр.

фото: /rus.lb.ua/

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.