Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, өткен аптада ресейлік әскерилер Украинаға 1460-тан астам басқарылатын авиациялық бомба, шамамен 670 соққы жасайтын дрон және 30-дан астам түрлі типтегі зымыран атқан.
«Ресейге жасалып жатқан қысым әлі де жеткіліксіз, ал Украинаға бағытталған күнделікті шабуылдар осыны дәлелдейді. Осы түнде – Киевке баллистикалық зымыранмен шабуыл, облысқа соққы жасайтын дрондар жіберілді. Николаев, Сумы, Харьков, Хмельницкий және Черкассы облыстарына да шабуыл жасалды», – деді Зеленский.
«Сондықтан қысымды әлсіретуге болмайды. Барлық күшті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен бейбітшілікті жақындатуға бағыттау қажет», – деп қосты Украина президенті.
Киевке жасалған түнгі зымырандық шабуылдың салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.