Біз
әлеуметтік
желіде
03-07-25 |
690 рет қаралған
Зеленский Украина православ шіркеуінің басшысын азаматтығынан айырды.
Зеленский Украина православ шіркеуінің басшысын азаматтығынан айырды

Украина президенті Владимир Зеленский Украин православ шіркеуінің митрополиті Онуфрийді (азаматтық есімі – Орест Березовский) ел азаматтығынан айырғаны туралы жарлыққа қол қойды.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, бұл шешім арнайы қызмет жинаған материалдар негізінде қабылданған.

«УҚҚ Березовскийдің (Онуфрий) 2002 жылы Ресей азаматтығын өз еркімен қабылдағанын анықтады. Алайда ол бұл туралы Украинаның уәкілетті органдарына хабарламаған. Сонымен қатар, ол кейін де Украина азаматы мәртебесін пайдаланып келген», – делінген хабарламада.

Қауіпсіздік қызметінің дерегінше, митрополит Онуфрий Мәскеу патриархиясымен байланысын сақтап, Украин православ шіркеуінің канондық тәуелсіздік алуына саналы түрде қарсы әрекет еткен.

Сондай-ақ УҚҚ Ресей православ шіркеуіне Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдағаны үшін кінә артып отыр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.