arasha.kz

«Жаңа Қазақстан» бір жылда құрылмайды – Бақыт Нұрмұханов

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында «Екінші республика. ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Аталған жиынға келген спикерлерден Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізіле ме деп сұрадық. Осы және өзге де сұраққа Арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Маратұлы Нұрмұханов жауап берді.

– Сайлау туралы заңның 54 бабында президент сайлауына қатысатын кандидат 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда қызмет істеуі керек деп жазылған. Осы талап жаңа Ата заңда өзгертіле ме?

– Ата заңда президент сайлауына үміткерге қойылатын негізгі  талаптар, Қазақстан Республикасының азаматы болуы, мемлекеттік тілді білуі және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұруы керек деп жазылған. Аталған талаптардың қатары Сайлау туралы Коституциялық заңда толықтырылған.  Коституциялық заңды жетілдіру барысында бұл мәселе ескерілуі мүмкін. Қазіргі таңда аталған талап Ата заңға енгізіліп жатқан өзгерістер аясында қарастырылып жатқан жоқ.

Америкада кәсіпкер Трамп, Украинада шоумен Зеленский және Беларусияда үй шаруасында отырған Тикановская сайлауға түсті. Қазақстанда президент сайлауына үміткерден 5 жыл мемлекеттік қызметті талап ету азаматтардың Коституциялық құқығын бұзу емес пе?

– Біздің Коституцияның 33 бабында сайлау құқығы мен сайлану құқығы және оны жүзеге асыру жағдайлары мен тәртібі Коституциялық заңмен белгіленеді деп қарастылған. Бұл мәселелер мен айтып өткен Сайлау туралы Коституциялық заңмен реттеледі. Болашақта бұл мәселелерді жеңілдету ұсыныстары болса, Коституциялық өзгерістер қабылданғаннан кейін осы заңдарға тиісті өзгертулер болады. Соның аясында осы мәселелерді талқылауға болады.

Нақты жауап беріңізші, бұл талап алынып тастала ма, жоқ әлде сақталып қала ма?

– Коституциялық кеңестің өкілі ретінде алынып тасталатынын мен нақты айта алмаймын. Өйткені сайлау процесімен айналысатын мемлекеттік органдар яғни Орталық сайлау комиссиясы мен Мәжіліс депутатты  бар.  Олар бұл сұрақты бірлесіп талқылауы қажет. Ұсыныстарыңызды сол жаққа жолдауға болады.

Екінші республика және   «Жаңа Қазақстан» құрамыз деп отырсыздар. Мәселен әлемде бірде бір есі дұрыс мемлекетте жоқ талапты енгізу бұл сіздердің екінші республика дегендеріңіздің жай ғана ертегі екенін көрсетпей ме?

– «Жаңа Қазақстан», екінші республика деген ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ «Жаңа Қазақстан» осы Коституциялық өзгерістерден кейін бір күн, бір ай немесе бір жылда құрылады дегенді білдірмейді.      «Жаңа Қазақстан»        деген қоғам мен мемлекеттердің құндылықтарын өзгертуін болжайды. Бұл күрделі процес. Бұл мақсатқа жету жолында ауқымды жұмыс атқару қажет. Ал екінші ресбулика деген ұғым мемлекеттік құрылым жүйесіне қатысты. Қазір Ата заңға талқыланып жатқан өзгерістер қабылданғаннан кейін екінші республиканың құқықтық негізі қаланады. Билік тармақтары және олардың өзара қарым-қатынасы өзгеретін болады. Сондықтан ол «Жаңа Қазақстанға» қарағанда жақын арада іске асатын жоспар.

– Бес жылдық кедергі экс-президент Назарбаевтың кезінде қабылданған болатын. Алдағы президент сайлауына Тоқаев сайлауға түсетін болса, ол кісі тәуелсіз кандидатпен бірге сайлауға түсуге қорқып, аталған бапты алмай қоймай ма? Бұл бапты алып тастауға не кедергі? Әлемнің бірде бір есі дұрыс мемлекетінде мұндай заң жоқ…

– Сіз айтып отырған талап Конституциялық заңда қарастырылған талап. Коституциялық заңдар негізгі заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін ол екінші сатыда қаралатын заң жұмыстары болып саналады. Сондықтан ондай мәселелер болашақта қаралатын болады. Коституциялық заңдардың жобаларын енгізу Парламентке тамыз айында жоспарланған. Тамыз айында осы заңдардың барлығы жасалынып, жыл соңына дейін қабылданатын болады. Сондықтан да сіздің ұсынысыңыз қазіргі таңда ескерілмей отыр деп айта алмаймын. Ол алдағы уақытта белгілі болады.  

Серік Жолдасбай, arasha

Exit mobile version