16-01-20 |
1350 рет қаралған
Жанболат Мамай: Бастамашыл топ мүшелеріне қысым жасалып жатыр.
Жанболат Мамай: Бастамашыл топ мүшелеріне қысым жасалып жатыр

Жанболат Мамай демократиялық партия құру туралы бастамашыл топ мүшелеріне жергілікті жерлерде қысым жасалып жатқанын хабарлады.

«Бізге әр аймақтан хабарласып, үйлеріне полиция, жергілікті билік өкілдері келіп қысым жасағаны туралы  адамдар айтып жатыр. 26 қаңтарда біз партия құру туралы бастамашыл топ құрып, 1122 адамның тізімін өткізгенбіз. Енді заңға сәйкес, екі ай ішінде яғни 26 ақпанға дейін съезд өткізуіміз керек. Қазіргі кезде съезд өткізетін орын табылды» деді ол.

Жанболат Мамайдың айтуынша, бұл әрекеттің саяси астары бар, яғни билік бастамашыл топтың жергілікті жердегі мүшелеріне қысым жасау арқылы оларды съезд жұмысына келтірмеуге тырысып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.