30-04-19 |
3330 рет қаралған
Жапония императоры тағынан бас тартты.
Жапония императоры тағынан бас тартты

Жапонияның 125-ші императоры Акихито тағынан бас тартты, деп хабарлайды РБК.

– Мені мемлекет символы ретінде қабылдап, қолдау танытқан адамдарға шын көңілмен алғыс айтамын, – деді Акихито.

Ол сондай-ақ, жаңа императордың дәуірі «тұрақты да жемісті» болып, Жапония мен әлем халқы бейбіт және бақытты тіршілік кешеді деп үміттенетінін айтты.

Императордың қоштасу шарасында елдің премьер-министрі Синдзо Абэ оған жапон халқының атынан алғыс айтты.

85 жастағы Акихито өзінің императорлық тағын 59 жастағы ұлы Нарухитоға қалдырып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.