Жапонияның 125-ші императоры Акихито тағынан бас тартты, деп хабарлайды РБК.
– Мені мемлекет символы ретінде қабылдап, қолдау танытқан адамдарға шын көңілмен алғыс айтамын, – деді Акихито.
Ол сондай-ақ, жаңа императордың дәуірі «тұрақты да жемісті» болып, Жапония мен әлем халқы бейбіт және бақытты тіршілік кешеді деп үміттенетінін айтты.
Императордың қоштасу шарасында елдің премьер-министрі Синдзо Абэ оған жапон халқының атынан алғыс айтты.
85 жастағы Акихито өзінің императорлық тағын 59 жастағы ұлы Нарухитоға қалдырып отыр.