arasha.kz

Әзімбай Ғали: АҚШ-тың Иранды жазалағаны бізге жақсы…

Кезінде Иран «Каспий теңізі акваториясы мен шельфтерін қайта бөлу керектігін» алдыға қойып, біздін территориялық тұтастығымызға ауыз салған, бірақ одан түк шықпады. Бұл туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали Фейсбуктегі өз парақшасында жазды, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Саясаттанушының пайымдауынша, АҚШ Иранға әскер кіргізсе оның орнында бірнеше мемлекет пайда болады, оның ішінде 20 миллионға жуық әзірбайжандар өз отанына қосылуы мүмкін.

«Құтырған шия діндегі Иранның империялық молдалар режимі-өлкелік империя. Иранда аз санды әзірбайжандарды, күрдтерді, хазарларды молдалар тоталитаризмі жаншып келеді. Кезінде Иран «Каспий теңізі акваториясы мен шельфтерін қайта бөлу керектігін» алдыға қойып, біздін территориялық тұтастығымызға ауыз салған, бірақ одан түк шықпады. Иранда парсылар 53% пайыздан аспайды. АҚШ өз одақтасы Израильдің тағдырына елеңдеулі. Иран кез келген көрші мемлекетке өз ядролық қаруын сынауы мүмкін. Ал АҚШ Иранды соғып ыдыратса , жеке жаңа мемлекеттер пайда болуы мүмкін , мәселен, күрділер егемендік алуы ықтимал. Ал 20 миллион әзірбайжан егемен Әзірбайжанға қосылуы әбден мүмкін»,-деп жазды саясаттанушы.

Exit mobile version