Саясаттанушы: Шенеуніктер түкке тұрғысыз жобалармен мақтанып жүр.
Саясаттанушы: Шенеуніктер түкке тұрғысыз жобалармен мақтанып жүр

Түкке тұрғысыз жобалар бізге не үшін қажет? Боратты жеккөруіміздің себебі не? Өйткені біз біреудің, сырттың бағасына тәуелдіміз. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Turanpress порталында қазақстандықтардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері туралы пікір білдірді.

«Қазақстандық банктер немен мақтанып жүр? Олар өздерінің ешкім көрмеген журналдарын кезекті рет көшбасшы атанды деп жарнамалайды. Осылай. Құрметті деп жүрген азаматтардың өзі атақ-даңқ пен марапат, сыйлық үшін есі кетеді. Ол мемлекеттік болсын, басқа болсын бәрібір.

Бұл сол «Боратқа» қатысты даурығуымыздың мәнін түсіндіреді: біз өзіміздің ерекше мәдениетімізді, тарихымызды, ядросыз қоғам мәртебесін, туристік кластер мен логистикалық мүмкіндіктерімізді береміз – ал олар біз туралы осындай жағымсыз образдарды түсіреді!

Ресей аудиториясына жетістіктерімізді насихаттауға беретін бюджетіміз бірнеше жыл бұрын таусылды. Осы тұста кейбір адамдардың мақтан тұтатын көршісіне деген құрметі көрініп қалды. Территориялық талаптар айтыла бастады.

Қалайша? Оларға «мемлекеттік деңгейде жауап беру керек»! Иә, мемлекеттік деңгейде! Олар мойындауы / құрметтеуі / түсінуі және мақтауы керек! Және тағы басқа.

Егер олигарх өзінің қанша алғанын мақтан тұтса, онда шенеунік қанша жұмсағанымен мақтанады. Оған дәлелдер жетіп артылады:  6 миллиард теңге қаржы кеткен жұмсалған жұмыс істемейтін зауыт! 20 миллиард теңге жұмсалған ешкімге қажет емес көлік жобасы! Туристердің қызығушылығын тудырмайтын жасанды нысан -80 миллиардқа!»,-дейді саясаттанушы қазақтың ерекшеліктеріне тоқталып.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.