06-06-19 |
2790 рет қаралған
Досым Сәтпаев: Екі жақ тартысып жатқанда билік мәз болып отырды.
Досым Сәтпаев: Екі жақ тартысып жатқанда билік мәз болып отырды

Осы аптада «сайлауалды үгіт-насихат» деген қойылым аяқталып, «президент сайлауы» аттысы басталады. Алайда оның қорытындысын қазірден шығара беруге болады. Бұл туралы саясаттанушы Досым сәтбаев фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды.

«Жақында ҚР президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының аралық есебінде бұған дейін беймәлім болып келген сайлау кампаниялары байқалғаны айтылды. Әрі бұл дипломатты түрде айтылды. Ешқандай сайлау капмания болған жоқ. Сондай-ақ бұл сайлауда оны қызықты ету тапсырмасы қойылған да жоқ, саяси көзқараспен қарайтын болсақ басты тапсырма билікті таңдалған адамға тапсыруды заңдастыруды қамтамасыз ету»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол елдегі сайлауды саяси технологиялық тұрғыдан қарасақ, Украинадағы президент сайлауы жағдайында қазақстандық ойыншық сайлауды өткізуі  үлкен қателік болды деген пікірде.

Оның айтуынша, сайлау кампаниялары жікке бөлінген. Біреулері сайлауға бойкот жарияласа, енді бірі «барлық кандидатқа қарсы тұрды» деп тапқан Әміржан Қосановтың айналасына жиналу қажет деп тапқан.

«Алайда әр тараптың шын мәнінде қажет еткен басты нәрсесі артқы планға кетіп қалды. Яғни қазіргі саяси жүйені өзгертеміз, оны тиімді әрі демократиялы етеміз деген тілектері ұмыт қалды. Екі жақ бір-бірімен тартысып жатқанда үшінші билік тарабы мәз болып отырды. «Бөліп алда билей бер» деген бұрыннан келе жатқан бақылау механизмі көзге ұрып тұр»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол қазір көптеген адамдар көпшіліктің немесе сарапшылардың пікіріне құлақ асып, алаңдап отырғанын айтады.

«Егер біз еркін таңдау үшін белсенділік танытып жатсақ, онда сенің кімге дауыс беретініңді ешкім шешпеуі керек. Әркім өз ақылымен, жүрегімен таңдау жасауы қажет. Барлық ұсынылған нұсқаларды сараптай отырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай отырып жасаған жөн. Қандай таңдау жасасаңыз да ол сіздің жеке азаматтық  ұстанымыңыз және оны ешкім жазғыруға қақысы жоқ»,-дейді Д. Сәтбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.