Кезектен тыс президент сайлауына кандидат болып тіркелген Әміржан Қосанов орталық сайлау комиссиясында брифинг өткізіп, журналисттердің сауалына жауап берді.
Президенттікке кандидат қол жинаудың қалай жүргенін және сайлаудың президент Қ.Тоқаев айтқандай әділ әрі ашық өтуін ОСК талап еткенін айтып, сайлау жүйесіне қатысты өзінің бірнеше ұсынысын да айтты.