arasha.kz

Әміржан Қосанов қол жинауға кірісті

Кеше орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кезектен тыс президент сайлауына үміткер Әміржан Қосановты президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес деп танып, қол жинауға рұқсат берген. Үміткер қол жинауға кірісіп те кетті.

Үміткердің сайлауалды штабы да құрылды. Штабқа «Жаңа Қазақстан» форумының мүшесі, «Болашақ» қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұратов жетекшілік етеді.

Exit mobile version