26-04-19 |
8850 рет қаралған
Әміржан Қосановты «Ұлт тағдыры» қозғалысы президенттіке кандидат етіп ұсынуы мүмкін.
Әміржан Қосановты «Ұлт тағдыры» қозғалысы президенттіке кандидат етіп ұсынуы мүмкін

Бүгін Алматыда «Ұлт тағдыры» қозғалысының құрылтайы өтіп жатқан көрінеді. Жиналысқа облыстардан делегаттар жиналған. Күн тәртібіндегі негізгі әрі басты мәселе – кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну болса керек. Қозғалыс атынан саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат болып ұсынылуы мүмкін екен.

Әміржан Қосанов белгілі оппозициялық саясаткер. 9-сәуірде Қ.Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын жариялағалы бері әлеуметтік желі қолданушылары Қосановты сайлауға түсуге шақырып келеді. Саясаткер әзірге өзінің нақты ресми шешімін жария еткен жоқ.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі қоғам қайраткері Дос Көшім.

Бұған дейін белгілі болғандай, оппозициялық жалпыұлттық социал демократиялық партиясының саяси кеңесі белгілі журналист Ермұрат Бапиды президент сайлауына үміткер ретінде ұсынғаны мәлім. Партияның сиезі бүгін Алматыда өтіп жатыр. Сиез Е.Бапидың кандидатурасын қолдай ма әлде басқа да кандидаттар ұсына ма ол әзір белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.