arasha.kz

Қосанов: Бүгін Әділеттік пен Шындықты аңсап, мені қолдаған барша жұрт тіркелді!

Бүгін кезектен тыс президент сайлауына «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан кандидат болып тіркелген Әміржан Қосанов фейсбук парақшасына арнайы пост жазып, қол жинауға атсалысқан адамдардың бәріне алғыс айтты.

«Бүгін, 6 мамыр күні, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелдім.

ОСК төрағасы Берік Имашевке көпшіліктің көзінше айттым: «2006 жылдан бері ОСК ғимаратына демократиялық күштер атынан ұсынылған президенттікке кандидат еніп көрмепті».

Бүгін мен тіркелген жоқпын, Әділеттік пен Шындықты, Азаттық пен Ұлттық рухты аңсап, мені қолдаған барша жұрт тіркелді!

Ең бастысы – ұлттық-демократиялық идея заңдастырылды, президенттік сайлау секілді аса маңызды науқанның толыққанды құқықты қатысушысына айналды.

Осы жайтпен баршаңызды құттықтаймын!

Өзімді қолдап, бәйгеге қосқан, «Жаңа Қазақстан» форумындағы әріптес-ағам Дос Көшім бастаған «Ұлт тағдыры» қозғалысына рахмет айтамын!

Қол жинау науқанына қатысып, белсенділік танытып, уақыты мен күш-жігерін жұмсап, белсенділік танытқан баршаңыздың алдыңызда ешкімнің алдында имеген басымды идім!» деп жазады Ә.Қосанов.

Exit mobile version