Мамырдың 10-23 аралығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен өңірлік әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев телеграм-каналында жазды.
Зерттеу барысында 39 қала, 164 аудан, 169 ауыл қамтылып, сауалнамаға жалпы 6800 адам қатысқан. Дәлсіздік 3,5% аспайды.
Сауалнама барысында респолнденттерге екі сұрақ қойылған:
1) Сіз 2019 жылдың 9 маусымында өтетін сайлауға қатысасыз ба?
2) Президенттікке түсіп отырған қай кандидатқа дауыс бересіз?
«Суралғандардың 73,1% сайлауда дауыс беруге дайын екендіктерін білдірсе, оның 59,5% сайлауға міндетті түрде қатысатындықтарын айтқан. Сайлауға барғысы келмейтіндердің саны 10,3% құраған»,-дейді ол.
Әсіресе Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарының халқы сайлауға көптеп келеді деп күтілуде. Ал, Алматы, Шымкент және батыстағы біраз өлке сайлауға аз баруы мүмкін.
Үміткерлерге дауыс беру болжамы былай болып шықты:
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – 72,7%
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы – 7,9%
Еспаева Дания Мадиқызы – 5,4%
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – 4,2%
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы – 3,5%
Рахимбеков Төлеутай Сатайұлы – 3,2%
Тугел Садыбек – 3,1%
«Сауалнама нәтижесін Әміржан Қосанов екінші болады деп санайтын көптеген сарапшылардың болжамы растап отыр. Жалғыз әйел кандидат анағұрлым жоғары позиция жинап, өзге ерадамдардың алдына шыға білген»,-деп жазды саясаттанушы.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024