Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен сайлауалды штабында өткен жиынға аудандық мәслихатқа депутаттығына үміткерлер: Қ.Қансеитов, М.Ермаханбетова, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Б.Қожатай, А.Катаев, Ф.Қалтаева, Д.Турдалиевтер қатысты, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Бұл шарада өңірдің проблемалық мәселелері талқыланып қана қоймай ауданда шешілмей жатқан мәселелерді шешу жолдары айтылды. Іс-шараны ашып, жүргізіп отырған «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары және аудандық мәслихат депутатығына үміткер Қ.Қансейтов басқосудың мәні мен мақсатына тоқталды. Сонымен қатар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды аудан тұрғындарына жете түсіндіру қажеттілігін атап өтті. Көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау өткізіп, мәселеріне ҚР заңдылықтарына сәйкес түсініктемелер берілді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатының есебінен төленді