Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау алдында «Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын өткізеді, оның мақсаты – әрбір азаматты партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері туралы хабардар ету, халықты кандидаттармен таныстыру және алдағы сайлауға шақыру.
2020 жылы 24 Желтоқсанда «Есіктен-есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сергей Шерер Денисов ауданы, Свердловка ауылының тұрғындарымен кездесті. Кандидат тұрғындарға Денисов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндірді, үгіт материалдарын таратып, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Дәл осындай акциялар сайлаушылармен жұмыс істеудің тиімді әдісі болып табылады, бұл сапалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, тұрғындармен қарапайым және ашық сөйлесуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Өңірді дамытудың 7 басымдығы айқындалды: экономикалық тұрақты өңір, жайлы өңір, әлеуметтік бағдарланған өңір, жастар үшін өңір, тарихы мен мәдениеті бай өңір, жергілікті органдарға ашық және есеп беретін жергілікті өңір, қауіпсіз өңір.
«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды.»Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй–коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-Ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады. «Nur Otan» партиясы 2021 жылы Денисовка ауылынан Зааятская станциясына дейінгі ұзындығы 28 км аудандық маңызы бар автожолды жөндеуді аяқтауға жәрдемдесетін болады. Біз 2025 жылға қарай ауданның 2 ауылының тұрғындарын үздіксіз газбен жабдықтауды қосымша қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз, бұл елді мекендерді газбен жабдықтауды 70% – ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2024 жылы Аршалы, Комаровка ауылдары үшін жоғары қысымды газ құбырын салуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде бұл шара 1028 адамды қамтуға мүмкіндік береді», – деді Сергей Шерер.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді