Қалалық мәслихат депуттатығына үміткерлер Жұмашева Гүлнар Хамзақызы және Ниязбеков Нұржігіт Хамитұлы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында жеке сот орындаушыларымен кездесу өткізді. Кіріспе сөзді бастаған Гүлнар Хамзақызы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттармен таныстырып, медицина саласындағы алдағы мүмкіндіктерге тоқталды.
Ал Нұржігіт Хамитұлы өткізіліп жатқан шаралардың ауқымдылығын және партияның саяси күш ретінде ел дамуынан өзге жастарға жасалатын мүмкіндіктер көп екендігін жеткізді.
– Мен жастардың атынан сайлауға қатысып жатырмын. Партия барлық мүмкіндіктерді беруде. Себебі, жастарға қатысты кез келген мәселе маңызды. Бүгінде партия ұйымдастырып жатқан түрлі акциялар мен шаралардың ауқымы кең, – дейді ол.
Жеке сот орындаушылары өз кезегінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жеті басым бағытымен танысқандықтарын айтты. Атап айтқанда бағдарлама негізінде қала дамуына септігін тигізетін жобалар және кәсіпкерлік, медицина, білім және өзге сала түрлеріне жасалатын мүмкіндіктердің тұрғындар үшін тиімділігі орасан десті.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді