Бүгін №59 дәріханада «Nur Otan» партиясынан Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Гүлмира Қапенова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіріп, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Бүгін біз дәріханада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз тұрғындармен сөйлесу барысында дәрі-дәрмектің шекті бағасы, медициналық қызмет көрсету сапасы, фармацевтикалық препараттармен қамтамасыз ету жұмыстары және дәрі-дәрмектерді халыққа жеткізу сияқты мәселелерді көтергіміз келеді. Бұл мәселелерді үнемі бақылауда ұстаймыз. Біздің партиялық бақылау комиссиясы дәріханалардағы дәрі бағаларына үнемі мониторинг жасап отырады. Біз адамдарға бұл туралы тағы бір рет айтқымыз келеді. Барлық тұрғындарды сайлауда өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – дейді Гүлмира Амангелдіқызы.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді