Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Г.А.Сәдуақасова және Т.М.Идиресов ШЖҚ «Шортанды СУ»МКК еңбек ұжымымен үгіт кездесуін өткізді.
Кәсіпорын суды тарату желілері арқылы беру қызметін көрсетеді және Шортанды ауданының 25 елді мекеніне қызмет көрсетеді. Барлық қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 25241 адам (9776 пәтер/жеке шоттар), орталық су құбырына 7635 пәтер қосылған, оның ішінде 4840 пәтер ПУ (есептеу құралдарымен). Ағынды суларды бұру бойынша кәсіпорын ауданның 4 елді мекеніне қызмет көрсетеді (Шортанды кенті, Дамса ауылы, Научный кенті, Жолымбет кенті). Жылыту маусымында коммуналдық қызмет те жылу берумен айналысады. 3 қазандықтың жалпы қуаты-12,87 Гкал/сағ.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр, оның ішінде 3 ауыл (Ключи ауылы, Камышенка ауылы, Новографское ауылы, халық саны 800 адам) сумен қамтылады.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылар алдында сөз сөйлей отырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарын белгілеп, оның мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады және партиялық жобаларды іске асыру туралы айтты.
Спикерлер «Nur Otan» партиясының еліміздегі жетекші партия болып табылатындығына және оның қызметі ұзақ мерзімді перспективаға бағытталғанына назар аударды. Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларына арқау болған еліміздің іргелі басымдықтарының орындалуы үшін Партия қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Соңында олар еңбек ұжымына алғыстарын білдіріп, оларға табысты жұмыс тіледі және 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, «Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.