«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар жастармен кездесу өткізді. «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығында өткен кездесуге үміткерлер Ибраким Басықараев, Сакен Алдашбаев, Бауыржан Мастеков жастарға көрсетілетін мүмкіндіктердің орындалуы мен оларға жасалатын жағдайға аса мән беру керекігін сөз етті. Сондай-ақ, халықтың мүддесін түгендеп, қоғамның талап-тілектерін ескерген саяси құжаттың маңызын тілге тиек етті.
Кездесу аясында аудан мен қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалған сайлауалды бағдарламадағы жастардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту бағытындағы ойларын да ортаға салды.
Кандидаттар өз тараптарынан бағдарламаның мақсат-міндеттерін бірлесіп іске асыруға шақырса, жастар болса елдің қоғамдық саяси өміріне араласуына, білім алып, еңбек етудегі мүмкіндіктері бойынша пікірлерін жеткізді.
Партияның сайлауалды бағдарламасында 730 орындық 2 жатақхананың құрылысын жүргізу, 10,5 мың жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жастардың жұмыссыздық деңгейін 4%-дан 3,9%-ға төмендету, «Жасыл Ел» еңбек жасағын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге 365 жастарды жұмыспен қамту, жастарға арналған атаулы іс-шараларды өткізу, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпараттық кеңес ұйымдастыру жоспарланған.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қызылорда қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді