Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер мұз айдынында спорт шеберлерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарлама сөз болып, партия тарапынан салаға бағытталған жоспарлар айтылды. Шараға қатысушы спортшы жастар әртүрлі мәселелерді алға тартып, белсенділік танытты.
Үміткер Жанат Ұбайдуллақызы кездесу барысында спорт саласына қатысты ілкімді жоспарлардан өзге білім саласын ілгерілету барысындағы айқын мақсаттарды жеткізді. Сонымен бірге, партия тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды.
– Еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, дене шынықтыру жаттығуларын жасау тәжірибесін енгізу бағдарламаның басым бағыттарына кіреді, – деген Дархан Жомартұлы жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде айтылған әрбір пікірінің маңызды екендігін атап өтті.
Айта кетерлігі, бағдарлама жоспарында қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде спорт алаңдарын көбейтуге зер салынбақ. Одан өзге әр жылда 120 жаппай спорттық іс-шаралар, 4 республикалық турнирлер ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың бірі жоғарғы оқу орындарында студенттер үшін дене тәрбиесі және спорт мамандықтарына арналған грант түрлерін көбейту турасындағы ұсынысын жеткізді.
Кездесу соңында Раушан Жәдігерқызы «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылар әртүрлі жобалардың маңызын тізіп, сайлаушыларды дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді