arasha.kz

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙ ПАРТИЯНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕТІНІ БОЛЖАНДЫ

Алдағы мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында қазақстандықтардың 75,2%-ы «Nur Otan» партиясын қолдауға дайын, деп хабарлайды arasha.kz. 

Әлеуметтік сауалнама бойынша «Ақ жол» – 6,3%, «ҚХП»– 6,1%, «Ауыл» -4,7% және «Адал» -3,5% дауыс жинайды деп болжам жасалды.

Бұл нәтижелерді Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама көрсетті.

Бұған дейін «Астана-Зертеу» ҚҚ жүргізген зерттеулер бойынша 57,1% қазақстандық науқанға қатысуға ниет білдірсе, қазіргі кезде 67,2% отандасымыз сайлауда белсенділік танытады деп болжанған.

Exit mobile version