«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы 2020 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өткізеді.
Үміткер партия өкілдері Ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрып, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.
Теледебатқа «Қазақстан Халық партиясы» атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.
Теледебат 22 желтоқсан, сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.
Дауыс берушілер тікелей эфирдегі 8 (717) 2 75 71 71, 8 707 697 62 04 (WhatsApp) нөмірлері арқылы сауал жолдай алады.