arasha.kz

Үміткерлер сайлауалды бағдарламаның тиімділігіне тоқталды

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көп балалы аналардың негізгі мәселелерін талқылау мақсатында ҮЕҰ мен іскер әйелдердің қатысуымен жиын өтті.

Аталған жиында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнар Жұмашева және Айна Мухамбетова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, әртүрлі салаларды ілгерілету бағытында жоспарланған жұмыстарды атап өтті.

Сонымен бірге, көп балалы аналардың мәселелерінен өзге әлеуметтік және медициналық мәселелер талқыға түсті.

– «Nur Otan» партиясының бағдарламасында денсаулық сақтау саласына тиянақты мән берілуде. Өйткені, еліміздің болашағы дені сау ұлт пен жастардың қолында, – деді үміткер Айна Мухамбетова.

Сондай-ақ, сөз алған келесі кандидат Гүлнар Жұмашева ана мен бала саулығы үшін медицинадағы мүмкіндіктерді одан әрі ілгерілету жолға  қойылатынын тілге тиек етті.

Кездесуде іскер әйелдерге көрсетілетін қолдау мен мүмкіндіктер де кездесуде сөз болды. Кандиданттарға қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, пікірлер жолданды. Іле шала алдағы сайлауға белсенді түрде үлестерін қосып, аталмыш партияға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Exit mobile version