30-01-20 | 18:27
Сапарбаев: Ақын-жазушы көп, бірақ олардың кітаптарын жұрт оқи ма?.
Сапарбаев: Ақын-жазушы көп, бірақ олардың кітаптарын жұрт оқи ма?

Бүгін Астанада мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

«Астана Балет» театрында өткен алқа мәжілісіне қатысқан вице-премьер Бердібек Сапарбаев кітап мәселесіне тоқталып, әр кітаптың айтар ойы, тәрбиелік бағыты болуы тиіс екенін айтқан.

“Көңілдеріңізге келмесін, бірақ әр шығарылған кітаптың айтар ойы, тәрбиелік бағыты болуы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кезде ақын-жазушы көбейді. Мәселе жоқ, жазсын. Бірақ оларды жұрт оқи ма? Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп, осы мәселемен айналысу керек”, – депті Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ вице-премьер фонограммамен ән салатын әншілерді де сынға алды.

Кейбір әншілер әлі күнге дейін фонограммамен ән айтады. Бұл аз десеңіз, әлдебір әншілер қобыз бен домбыраның фонограммасымен ән салады. Бұл – нағыз қорлық!”

Алқа мәжілісінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өткен жылдың қортындысын баяндап, вице-министрлер жауапты салалары бойынша есеп берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.