19-02-21 | 21:47
Сапарбаев бес баланың қазасына байланысты мәлімдеме жасады.
Сапарбаев бес баланың қазасына байланысты мәлімдеме жасады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өрттен қаза болған бес баланың қайғылы оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.

«Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды.

Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда.

Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын» деді Сапарбаев.

Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйден өрт шығып, бір отбасының бес баласы қаза болғанын бұған дейін хабарлаған едік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.