Сапарбаевтың орнына Сағынтаев бармақ.
Сапарбаевтың орнына Сағынтаев бармақ

Бүгін Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетіп, оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалмақ. Бұл туралы Ербол Еділов телеграм каналында жазды.

Бұған дейін Жамбыл облысында қоғамдық кеңесті жасақтау мәселесінде шу шығып, arasha мәслихат депутаты Ерқанат Манжуов сұхбат жариялаған болатын.

Сондай-ақ, Еділов еліміздің бірнеше облысында тағайындау болады деп болжамын жариялады.

Кейбір ақпаратқа сенсек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қызметі кетуі мүмкін. Оның қызметтен кетуіне бірнеше орынбасарының жемқорлықпен ұсталғаны себеп болған секілді. Ал оның орнына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барады деген сыбыс бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk