Біз
әлеуметтік
желіде
25-04-25 |
110 рет қаралған
Есіл ауданды әкімдігі миллиардтарды тазалық, қоқыс жәшіктері мен безендіруге жұмсап жатыр.
Есіл ауданды әкімдігі миллиардтарды тазалық, қоқыс жәшіктері мен безендіруге жұмсап жатыр

2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы «Есіл» ауданы әкімдігінің мемлекеттік сатып алуларына талдау жасағанда қандай жұмыстарға кім қанша соманың тендерін жеңіп алғанын көрдік.

Миллиардтар қайда кетіп жатыр?

Goszakup.gov.kz порталының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты (аудан әкімі Қыдырбекұлы Дәрменияр Алғатбекұлы) 35 миллиард теңгеден астам сомаға мемлекеттік шарттар жасаған. Шығыстардың негізгі бөлігі аумақтар мен ғимараттарды тазалау, абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату мен мерекелік безендіруге бағытталған.

«Есіл» ауданы бойынша ең қымбат 5 тендер

Бағыт: Аумақтар мен ғимараттарды тазалау;

Сома: 13 156 046 428

Жеңімпаз: «Астана Тазалық» ЖШС

Бағыт: Көгалдандыру қызметтері

Сома: 9 372 750 000

Жеңімпаз: «Астана-Зеленстрой» ЖШС

Бағыт: Мерекелік безендіру

Сома: 1 123 214 285

Жеңімпаз: «NEW LEVEL» ЖШС

Бағыт: Тазалық қызметтері

Сома: 1 008 928 571

Жеңімпаз: «KAIDAR GROUP» ЖШС

Бағыт: Аумақты абаттандыру

Сома: 772 321 428

Жеңімпаз: «Куат и А» ЖШС

Қандай мәселелер күмән тудырады?

Қайталанатын тендерлер мен әртүрлі жеңімпаздар. Бір типтегі қызмет — «ғимараттар мен аумақтарды тазалау» — ондаған жеке лоттармен сатып алынған, әртүрлі жеңімпаздармен. Мысалы:

«KAIDAR GROUP» ЖШС

«Akmola Invest» ЖШС

«Team Art» ЖШС «САЙБЕР» ЖШС

«Жасыл қала-Астана» ЖШС

Көптеген лоттардың мазмұны ұқсас, сандары да (250–600 млн тг) шамалас, бұл ірі жұмысты бірнеше «ұсақ» лотқа бөлу арқылы бәсекелестікті айналып өту мүмкіндігін көрсетеді.

Қоқыс жәшіктеріне жұмсалған миллиондар

Қоқыс жәшіктерін орнату және жөндеуге 80 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірдей 20,5 млн теңге сомасымен үш рет қайталанған. Көптеген лоттар «өтпеді» немесе «қаралуда» статусында.

Жарық пен баннер инфрақұрылымнан маңызды ма?

Декоративті жарықтандыруға 144 млн теңге бөлінген. Бірақ бұл сатып алулар жиі тоқтатылып, құжаттар өзгертілген. Ал пандус, орындық, автотұрақ сияқты қажетті инфрақұрылым мүлде кездеспейді.

Кімдер жиі жеңіске жетеді?

Мәселен, «KAIDAR GROUP» ЖШС жиыны 1,6 млрдтан астам сомада бірнеше лот жеңімпазы. «Akmola Invest» (жиын сома 1,2 млрд) TechnoCity-мен жиі кезектесіп жеңіп отырады.«Куат и А» ЖШС (жиын сомасы1,0 млрд) тұрақты қатысушы. «Астана Тазалық» ЖШС (жиын сома 13 млрд теңге). Ең ірі келісімшарт «NEW LEVEL» ЖШС 1,1 млрд теңгеге Мерекелік безендіру жұмыстары үшін жасалған.

Жас жеңімпаз – миллиард иесі

«KAIDAR GROUP» ЖШС 1,6 млрд теңгеден астам сомаға тазалық бойынша тендер жеңімпазы. Бірақ компания директоры мен құрылтайшысы ретінде 2006 жылы туған ЕЛЮБАЙ АРУНА ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ тіркелген. Яғни, тендер жеңісі кезінде ол бар болғаны — 18 жаста болған. Бұл мәселе мынадай сұрақтар туғызады:

Компанияда нақты өндірістік база мен кадрлар бар ма? Аталған тұлға номиналды құрылтайшы ма?Қаншалықты сенімділік тексерісі жүргізілген?

Akmola Invest пен TechnoCity 2030: бір мекенжай — бір схема?

Бұл екі компания бірнеше тендерде жеңімпаз және екінші орындарды өзара алмастырып алған. Сонымен қатар екеуі де бір мекенжайда тіркелген: Астана қаласы, Алматы көшесі, 1. Мысалы, Akmola Invest – жеңімпаз, TechnoCity 2030 – 2 орын (лот №74121478-ОК1). TechnoCity 2030 – жеңімпаз, Akmola Invest – 2 орын (лот №74160695-ОК1). Тағы бірнеше лотта да бірдей серіктестер қатысқан. Бұл компаниялардың аффилиациясын, тендерді «өз араларында бөлісіп алуды» көрсетеді. Антикоррупциялық агенттік бұл деректі тексеруі тиіс.

«NEW LEVEL» ЖШС: 1 млрд теңге кімге берілді?

Мерекелік безендіруге 1,1 млрд теңге алған компанияның құрылтайшысы — БОРОВИНСКИЙ НИКОЛАЙ ЮРЬЕВИЧ. Ол бұған дейін де бірнеше мәрте мәдени іс-шараларды ұйымдастыру саласында жеңімпаз атанған. Бірақ нақты жобалардың ашықтығы мен сапасы жөнінде сұрақ көп.

Қысқаша қорытынды

Төрт айда 35 млрд теңге жұмсалған. Қайталанатын лоттар көп — әсіресе тазалық және қоқыс жәшіктері. Бірнеше компания тендерлердің басым бөлігін жеңіп алған.13 млрд теңге — тікелей бір көзден (бәсекесіз) бөлінген.

Ұсыныстар

Мердігерлердің аффилиациясын тексеру. Бюджеттік тиімділікті талдау. Қаражатты әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау. Бір компанияға қайта-қайта берілетін лоттарға шектеу қою.

Иә, аудан таза. Бірақ мұндай бағаға тазалықты қаншалықты ақтап алуға болады? Бұл бюджет қаражатын тиімді пайдалану ма, әлде тек қана сылтау ма?..

Редакция ескертпесі

Жарияланым тек қана ашық дереккөздерде орналастырылған мәліметтерге негізделген: мемлекеттік сатып алу порталы (goszakup.gov.kz), заңды тұлғалар, ЖСН және заңды мекенжайлар тізілімдері.

Біз құқықбұзушылық фактілерін мәлімдемейміз, тек қана қоғамды толғандыратын сұрақтарды көтереміз. Оларға жауапты уәкілетті органдар беруі тиіс.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.