24-03-19 |
2050 рет қаралған
Марат Тәжин мемлекеттік хатшы болды.
Марат Тәжин мемлекеттік хатшы болды

Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Марат Тәжин президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Социология ғылымдарының докторы, профессор. 1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған.

  • Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
  • 1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
  • 1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
  • 1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
  • 1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.

  • 1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
  • 2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
  • 2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
  • 2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
  • 2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
  • 2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
  • 2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
  • 2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды
  • 2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.[
  • 2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
  • 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.