Сарбазға кредит алғызып, қысым көрсеткен командирдің үстінен арыз жазылды.
Сарбазға кредит алғызып, қысым көрсеткен командирдің үстінен арыз жазылды

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздың анасы ұлының қысымға ұшырағанын айтып шағымданды. Өскемендік әйелдің сөзінше, рота командирі сарбазға несие рәсімдеп, өз үйіне азық-түлік сатып алдыртып отырады екен.

YK-News.kz ақпараттық агенттігінің жазуынша, шағымданған әйелдің дауысы жазылған аудиоматериалды жергілікті белсенді Антон Князев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Әйел бұл шағымды әскери прокуратураға жеткізуін сұрапты және рота командиріне психологиялық сараптама жүргізуін талап еткен. Өйткені, оның әрекеті ақылы сау адамның әрекеті деп айту қиын дейді ол.

Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аталған жайтқа қатысты тексерудің басталғанын айтты.

«Аталған жағдай бойынша әскери полиция тексеру жұмыстарын бастап кетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы барлық дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 5518 әскери бөлімінің қызметшісі атқарып отырған қызметінен шеттетілді. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланатын болады», – деді Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk