14-02-21 | 09:45
Сарыағашта 13 жастағы қызына іздеу салған ата-ана айыппұл арқалады.
Сарыағашта 13 жастағы қызына іздеу салған ата-ана айыппұл арқалады

Түркістан облысының полицейлері «жоғалған» 13 жастағы қызды тауып, ата-анасына айыппұл салды.

Сарыағаш АПБ-не күндізгі сағат 16:30 шамасында 13 жастағы қыздың анасы арызданған. Тұрғын «қазір келемін» деп, үйден шығып кеткен қыздың оралмағанын хабарлаған. Полиция жедел іздестіру жұмысын бастап, жасөспірімді тапты.

Қыздың жүрген жері төрт сағаттан кейін анықталған. Жасөспірім көшеде жалғыз келе жатқан жерінен табылды, ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, жеткіншек ата-анасына ескертіп, құрбыларымен тамақтану орталығына шыққан. Алайда ата-анасы қызының сөзіне мән бермепті. Осылайша қызын жоғалды деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Аталған жайтқа байланысты жасөспірімнің ата-анасына ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы тұста полицейлер ата-аналарға, өз ұл-қыздарымен сөйлесіп, өтпелі кезеңінде дос ретінде олардың ойына мән беруді ескертеді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.