20-07-20 | 19:57
Әсел Тасмағамбетованың қоры Атырауға көмектесуге 128 млн теңге жұмсаған.
Әсел Тасмағамбетованың қоры Атырауға көмектесуге 128 млн теңге жұмсаған

фото: “Сәби” қоры

Әсел Тасмағамбетованың “Сәби” қоры коронавирусқа қарсы күресу үшін Атырау облысына көмектескен. Қор қаражатына 57 726 қаптама көлемінде коронавирусты емдеуге арналған дәрілік препараттарды, 1 000 медициналық бетпердені, 10 ИВЛ аппараттары мен қарқынды терапия палаталарында пайдалануға арналған 33 оттегі концентраторлары сатып алынып, Атырауға жеткізілген.

“Атыраудың орталық мешітінің бас имамының ықпалымен қалалық денсаулық сақтау Басқармасымен бірге барлық дәрі-дәрмектер емдеуші дәрігердің қатаң тағайындауы бойынша амбулаториялық ем қабылдап жатқан пациенттердің арасында тегін таратылатын болады. ИВЛ аппараттары мен оттегі концентраторлары қаланың ауруханаларына қайтарымсыз табысталады” делінген қор таратқан ақпаратта.

“Сәби” қоры 18 жылдан бері әртүрлі қайырымдылық істер жасап келеді. Қор иесі – Әсел Тасмағамбетова мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың қызы. Күйеуі белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев. Ол – Қазақстандағы ең бай 50 адамның бірі.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.