04-11-19 | 15:31
“Семей, бұларың қалай?”.
“Семей, бұларың қалай?”

Қазақтың батыр қызы – Мәншүк Мәметоваға арналып, ағаштан ойып жасалған Семейдегі ескерткіш жұрттың сынына қалды. Желіде қызу талқыға түскен мәселеге ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов пікір білдірді.

“Жергілікті билік, қоғам белсенділері қайда қарап отыр?
Семей қалысында жақын арада МӘНШҮК МӘМЕТОВАҒА қойған ЖАҢА ескерткіш
Жеңістің 75 жылдығына арнап Жеңіс паркіне қала әкімшілігінің тапсырмасымен қойылған екен.
Менің ойымша бұндай мүсін қазақ халқының қаһарман батыр қызына лайық емес.
Бір бөренеден асығыс ойып жасай салған сияқты.

Басқасы басқа, бірақ бірақ еліміздің бейбіт болашағы үшін қаза тапқан Мәншүк Мәметоваға жоғары деңгейде құрмет көрсетілу керек сияқты. Қалай ойлайсыздар?” деп жазады М.Әбенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.