Семей әкімдігі: Мәншүк Мәметова мүсіні алынып тасталды.
Семей әкімдігі: Мәншүк Мәметова мүсіні алынып тасталды

Қазақтың батыр қызы, соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың Семейдегі ағаштан жасалан даулы мүсіні  жаппай наразылықтан кейін алынып тасталды. Бұл туралы “Араша” ақпараттық порталына Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев мәлімдеді.

Роллан Кемербаевтың айтуынша ағаштан жасалған сәтсіз мүсін алынып тасталды, енді Мәншүк Мәметоваға мұндай мүсін салынбайды.

“Өнер болғаннан кейін кейде сәтті шығады, кейде сәтсіз болады. Біріншіден, бұл сәтсіз шыққан дүние. Екіншіден әлі аяқталмаған. Бірақ қоғамдық пікірге байланысты алынып тасталды.

Бұл қала әкімдігінің тапсырсы бойынша дайындалған мүсін.  Бұған дейін Абай алаңын абаттандыру бойынша осындай мүсіндер жасалған, бірақ домбыра, қобыз, әр түрлі аңдардың мүсіні сияқты дүниелер болған. Оған қала тұрғындарының пікірі жақсы болды.  Шіріген ағаштардан мүсіндер жасап, ол жерге балалар фотоға түсіп дегендей… Сол жұмыстарды жалғастыру бойынша, келесі жылы жеңістің 75 жылдығына байланысты “Жеңіс” саябағына да сондай мүсіндер жасауға қалалық әкімдік тапсырыс жасаған”, -дейді Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев.

Сонымен қатар, хатшының айтуынша бұл мүсіндерді жасауға әкімшілік тарапынан қаржат қарастырылмаған, қала әкімдігі бұл істі жергілікті кәсіпкерлерімен бірлесе атқарылып отыр.

Еске салсақ, Семейдегі “Жеңіс” саябағында халық қаһарманы, қазақ батыры Мәншүк Мәметоваға ағаштан ескерткіш қойылған, алайда осы ескерткіш халықтың наразылығын тудырып, дауға ұласты.

Семейде Мәншүк Мәметоваға қорқынышты ескерткіш қойылды

“Семей, бұларың қалай?”

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.