17-05-18 | 15:47
Әсет Исекешев Астананың болашағы қалай елестетеді?.
Әсет Исекешев Астананың болашағы қалай елестетеді?

Астанада бүгін өз бастаған Астана экономикалық форумы аясында Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев те сөз сөйлеп, қонақтарға қаланың келешегі туралы баяндап берді.

«Жаһандық қалалардың қатарына Дубай немесе Сингапур секілді қалаларды енгізуге болады. Ондай шаһарларда сапалы инфрақұрылымның жоғары сапасы – әуежайлар, отельдер, ресторандар, ауруханалар мен әлеуметтік нысандар айқын көрінеді. Сол бағытта Астанада біршама нысандар салынды. Екіншіден, біз инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейіне бейімделіп отырмыз. Жалпы Қазақстанда инвесторлардың қорғалу деңгейі жоғары. Бірақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының салынып жатқанын – посткеңестік елдердің ішінде революция деп айтуға болады. Британдық құқықпен мұндай британдық судьялар жұмыс істейді. Бұл – осында жұмыс істеуге келетін инвесторлардың үлкен сенімін қалыптасырады», – деді қала әкімі.

Ол қаланы дамытуда мүмкіндіктерді жасай білу керек екенін тілге тиек етті.

«Осы қалада бірнеше университет ашылады. Білім жүйесіндегі көшбасшымыз – Назарбаев Университеті бар. Ол толық кешенді құрайды. Елордада әлемдік деңгейдегі медициналық желілер жұмысын бастайды. Демек, осының бәрі Астананы жаһандық қалаға айналдырудың жолдары болып есептеледі. Адам қаламызға келіп, үйіндегідей сезініп, бизнесін бастап немесе білімін алып жүруге мүмкіндік алуы – міне біздің көздеп отырғанымыз осы. Сондықтан, әлемнің ірі жетекші қалаларының тәжірибесін терең зерттеп отырмыз», – деді ол.

Әсет Исекешевтің айтуынша, Лондон, Вена, Берлин секілді көне қалалармен бірге, Дубай және Сингапур секілді шаһарлардың тәжірибесі қалалық әкімдік үшін маңызды. «Туризм мен білім саласына да баса маңыз беріп отырмыз. Сондықтан, бұл үлкен процес. Біз әрдайым оқу үстіндеміз», – деді қала әкімі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.