Шөкеев неге шүйлікті?.
Шөкеев неге шүйлікті?

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 25 шілдеде Бәйдібек ауданындағы бірнеше ауылшаруашылығы кәсіпорындарын аралап, жиын-терін жұмыстары көру кезінде ауылшаруашылығы техникасын шығарушыларды “алаяқтар” деген еді.

“Бізде ауылшаруашылығы техникасының өндірісі жоқ екенін үнемі айтып келем. Трактор болмаса комбайнның бөлшектерін әкеледі де оны құрастырады, сөйте тұрып мемлекеттен жеңілдік сұрайды. Бұлар фермерден пайда тапқысы келетін алаяқтар”, – деген еді Шөккев.

Шөкеевтің “алаяқ” деп атауына машина жасау одағы іле-шала үн қатып, арнайы мәлімдеме таратты.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және отандық өндірушілердің бүтін бір саласының бет-беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттің индустрияландыру саясатына да толығымен күмән келтіріп отыр.

Ал келесі фактіні еске түсірсек, тіпті не болып жатқанын түсінбейміз: Өткен жылы Ауылшаруашылығы министрлігінің басшылығы «АгромашХолдинг» АҚ зауытына барған кезде керісінше, локализациялау мен өндірісті ұйымдастыруды жоғары бағалайтындықтарын ерекше атап өткен. «Біз тек «АгромашХолдинг» сияқты компаниялармен ғана жұмыс істейміз» деген еді” делінген машина жасаушылар одағы таратқан мәлімдеме.

Бір қызығы, Өмірзақ Шөкеев былтыры вице-прьемер және ауылшаруашылығы министрі болып тұрғанда Қостанайға сапарлап барып, сол сапарында «АгромашХолдинг» компаниясына барып, компания жұмысын мақтап кеткен еді. Арада жылға толмас уақыт өткенде Шөкеевтің ауылшаруашылығы туралы пікірі күрт өзгерті. Оған не себеп болғаны әзіргі түсініксіз. Дегенмен Шөкеевтің ауылшаруашылығы техникасын өндірушілермен арасының тым нашарлап кетуін де үлкен бір гәп жатқандай.

Ал, Қазақстанның машина жасаушылар одағының мәлімдемесінде ауылшаруашылығы техникасын өндіру, бөлшектерін жасай ісі бойынша біршама мәліметтер берілген.

“Қазақстанның машинажасау өнеркәсіптері 2019 жылдың бірінші жартысында-ақ 553 морд тг. сомасына өнім өндірді. Ауылшаруашылығы саласындағы машина жасауға келер болсақ, Қазақстанда ауылшаруашылығы техникасының бүтін бір спекторы өндіріледі. Лисоковскідегі Дон Мар кәсіпорнындағы астық дестелегіштері 100%  Қазақстанда локализацияланады деуге болады. Қостанайдың АгромашХолдинг кәсіпорны тұқым сепкіш өндірісінде 90%, комбайн өндірісінде  40%, түйіндер мен агрегаттар (дестелеуге арналған арба, іріктеуіштер, тракторға салмақ текшегіштер, тез тозатын детальдар, иілгіш камера, тегершіктер ж.т.б) 100% локализацияға ие.

«СемАЗ» ЖШС МТЗ тракторларын шығарады, ал Көкшетаудың «КАИК» өнеркәсібі тұқым егуге арналған комплекстерді, тіркемелерді, пресс-сұрыптауыштарды, салмақ өлшейтін құрылғылар мен басқа да жабдықтарды өндіреді, AVAGRO компаниясы бүріккіштерді шығаруды жолға қойған және т.б. Аралас саладағы мультипликативті эффектпен құрылған салада қанша жұмыс орны ашылып жатқанын есепке алмағанда, тек ауылшаруашылығы машиналары өндірісінің өзінде 2500-ден артық жұмыс орнымен қамтылған.

Машина жасаушылар Одағы Қазақстанның трактор және комбайн өндірушілері өндірістік құрастыру бойынша келісімшарт жасасқанын ескертеді. Ол дегеніміз, ауылшаруашылығы машиналарын жасаушыларға өзара преференцияға локализацияны ауыстыру бойынша міндеттер жүктейді. Локализация бойынша талаптарды орындамаған жағдайда олар мемлекеттен алынған переференциялардың барлығын қайтаруға міндетті.

Қазақстанның машинажасаушылары өз кәсіпорнында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өз кәсіпорнында қосымша жұмыс орнын көбейту үшін үнемі запастағы бөлшектер мен жасақтаушылардың локализациясын ұлғайту бойынша жұмыс істейді, дей тұра, сөзге арқау болып отырған субсидияны ауылшаруашылығы машиналарын жасаушылары алмайды. Субсидия отандық өндірушілер өндірген техниканы алған аграрлық шаруашылықтарға беріледі. Олар шетелдік дәл осындай техникадан 2, тіпті 3,5 есе аз деуге болады. Сондықтан тағы да айтамыз, субсидиялауда отандық техниканың импорттан еш алып отырған басымдығы жоқ.

Қазақстан Машинажасаушылары Одағын 490 машинажасау кәсіпорындары (мұнайгаз, тау-металлургиялық, ауылшаруашылығы, электротехничкалық, теміржол, автомобиль жасау және басқа) біріктіріп отыр.

 Машинажасау саласының көптеген ішкі тармақтары өнеркәсіпті қолдау бағдарламалары мен  ҚР Бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында пайда болды. Оның тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ҚР президенті К.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында  Қазақстанда машинажасаушыларды қолдау бойынша өндірістік негізде комбайндар, тракторлар мен тұқым егу техникалары шығарылуда” делінген одақтың мәлімдемесінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.