ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қарындасын ұрламақ болған кімдер?.
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қарындасын ұрламақ болған кімдер?

Павлодарда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВтың қарындасы Гүлфаз АУБАНОВАны ұрламақ болды деп жазады Время газеті.

Белгісіз адамдар Гүлфаз Кенжетайқызын Павлодар орталығындағы үйінің жанынан аңдып, ақ жеңіл көлікке күштеп отырғызбақшы болған. Абырой болғанда ол қаскөйлердің қолынан сытылып шыққан.

Ішкі Істер Депортаментінің баспасөз бөлімінде Гүлфаз Аубанованы ұрлау әрекетін растады.

ІІД мәліметтері бойынша: «18.09.2019 күні  1958 жылы туған азаматша А. шағымданды. Ол 18.09.2019 күні шамамен сағат 07.40-та Павлодар қаласы, Исенәлиев № 16 адресіндегі үйдің маңын торуылдап, азаматшаға күш көрсеткен. Аталған  факті бойынша ҚР ҚК 125 бабы бойынша (адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Аймақты жеке құрам бақылап, аталған фактіге қатысы бар делінген тұлғаларды анықтап, қолға түсіру үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр».

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметтері бойынша адам ұрлаудың үш нұсқасы қарастырылып отыр: Ақша бопсалау үшін адам ұрлау, отбасылық жанжал  және қаржылық-тұрмыстық әрекет.

Павлодарға Даниал Ахметов жедел түрде ұшып келіп, қарындасының дін-аман екенін көргеннен кейін Өскеменге қайтып кетті дейді басылым.

Гүлфаз Аубанова әр жылдары Павлодар қаласының Денсаулық Сақтау Басқармасын және аймақта Медицина және Фармацевтиканы бақылау Комитетін басқарды. “Данель” медициналық мекемесінің қаржыландырушысы. Оған, 2018 жылы мемлекеттен сатып алынған диагностикалық орталық, жақында ашылған жеке меншік клиника, сосын жұмыс істеп келе жатқанына 24 жыл болған жекеменшік перзентхана жатады.

Павлодарды екі рет басқарған экс-премьер Даниал Кенжетайұлының да аймақта бизнестері шоғырланған.

Вемяның жазуынша Ахметовтар отбасы 90 жылдардың өзінде Павлодарда іскерлік- бизнесте де, басқарушы билікте де ықпалды болған. Сондықтан Павлодарда Д. Ахметовтың туған қарындасына шабуыл жасау не жанкешті біреудің, не маңайындағылардың ісі болуы мүмкін деп болжайды мақала авторы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.