03-01-20 | 20:28
Ұшақтың апатқа ұшыраған сәтінен бірнеше видео жарияланды (видео).
Ұшақтың апатқа ұшыраған сәтінен бірнеше видео жарияланды (видео)

Былтыры 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясына қарасты fokker 100 ұшағының апатқа ұшыраған сәті түсірілген бірнеше видео жарияланды. Видеоларды 29 желтоқсанда тіркелген қолданушы 31 желтоқсанда жариялаған. Видео Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңы қоршауына орнатылған бейнебақылау камераларынан алынғаны көрінеді. Әзірге бұл видеолар туралы ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бірінші видеодан ұшақ әуеге көтерілер сәтте отқа ұқсас лап еткен жалынды байқауға болады. Бірер сәттен кейін ұшақтың қоршауды бұзып өткені көрінеді.

Келесі видеодан ұшақтың жерден көтерілгенде шайқалып, оңға және солға қатты қисалақтағаны анық көрінеді.

Төмендегі видеодан да ұшақтың ұшу алаңынан көтерілер-көтерілместен екі қанатына кезек шайқала бастағаны көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk